Химия пәнінен дидактикалық тапсырмалар
І-тапсырма: Сұрақ-жауап.
- Периодтық заңның қазіргі анықтамасы.
- Периодтық жүйенің құрылысы .
- Атом құрылымы
- Периодтық заңының маңызы.
- Химиялық элементтерді сипаттау.
ІІ-тапсырма: тест сұрақтары.
- 1s2, 2s2, 2p6, 3s2, 3p5 электрондық формула сәйкес келетін элемент
- A) оттегі B) күкірт C) аргон D) фосфор E) хлор
- Қышқылға тән диссоциациялану теңдеуі
- A) Na+ + HSO4- B) NH4+ + OH- C) H+ + Cl- D) Mg2+ + 2Cl- E) Na+ + OH-
3 . Ядросында протон саны бірдей, массалары әр түрлі атомдар
- A) гомологтар B) изомерлер C) изотоптар D) цис-трансизомерлер E) изобарлар
4 . Иондық тор түзбейтін зат:
- A) натрий гидрооксиді. B) күкірт қышқылы. C) магний оксиді.
- D) мыс (II) сульфаты. E) калий ацетат.
- 5. Сутектік байланыс:
- A) сутектің молекулалары арасында пайда болады.
- B) су молекулалары арасында пайда болады.
- C) метанның молекулалары арасында пайда болады.
- D) көмірқышқыл газының молекулалары арасында пайда болады.
- E) иіс газының молекулалары арасында пайда болады.
ІІІ-тапсырма. Жауабы. 1- кесте бойынша
І. Периодтық заңның төменде келтірілген анықтамаларының қайсысы дұрыс ?
- Элементер мен оның қосылыстарының қасиеттері валенттілікке периодты тәуелді болады;
- Қосылыстардың қасиеттері заттың құрамы тәуелді болады;
- Күрделі заттардың қасиеттері ол заттардың мөлшерлеріне байланысты
- Химиялық элементтер мен олар түзетін қарапайым және күрделі заттардың қасиеттері элементтер атомдарының массасына периодты түрде тәуелді болады.
І-тапсырма.Кестені толтыру.
- Периодтық жүйені пайдаланып, мына элементтерді:
а) кальций;
ә) көміртек
б) хлор
в) мырышты
сипаттап, берілген кестені толтырыңдар:
Химиялық элемент таңбасы | Реттік нөмірі | Аr | периоды | тобы | топшасы | Оксидінің (жоғары оксидінің формуласы) |
Са | 20 | 40 | 4 | ІІ | негізгі | СаО |
- №4 және №7 элементтерді төмендегі жоспар бойынша сипаттаңдар:
- Периодтық жүйедегі орны (период, топ, топшасы).
- Атом құрылысы (атом құрылысы, электрондық формуласы мен ұяшыққа орналасуы).
- Тотығу-тотықсыздану қасиеттері.
- Қосылыстары мен олардың сипаттамасы.
- Табиғатта таралуы.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
- Органикалық заттар қатыса жүретін реакцияларды қалай жіктеуге болады?
- Органикалық қосылыс молекуласында, негізгінен, химиялық байланыстыңқай түрі болады және олар қалай үзіледі?
3.Коваленттік байланыс қалай түзіледі?Бромсутек молекуласы электрондарының суретін салып, коваленттік байланыстың түзілуін және үзілуін түсіндіріп беріңдер.
- Бром молекуласы мысалында коваленттік байланыстың гомолитті және гетеролитті үзілуіне мысалдар келтіріңдер.
- Реакциялардың жіктелуі.
ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмыс.
І-деңгей.
- Органикалық химиядағы орынбасу реакциясының бей органикалық химиядағы орынбасу реакциясынан ерекшелігі қандай? Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, мысалдар келтіріп түсіндіріңдер.
ІІ-деңгей.
- Төменде теңдеулері келтірілген реакцияларды жіктеп, химиялық реакциялардың қай түрлеріне жататындарың түсіндіріңдер
1) 2-метилпентанның 2,2-диметилбутанға айналуы:
2) пропеннен пропил спиртінің түзілуі:
3) Хлорметанның дихлорметанға айналуы:
4) Этанолдан этиленнің алынуы:
ІІІ-тапсырма. Кесте толтыру.
Органикалық реакцияларды химиялық айналулардың түріне байланысты сипаттайтын берілген кестені толтырыңдар.
№ | Химиялық реакция типтері | Химиялық реакцияның мысалы |
1 | Орынбасу |
|
2 | Қосылу |
|
3 | Айырылу |
|
4 | Тотығу |
|
5 | Изомерлену |
|
6 | Полимерлену |
|
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
- Көмірсутектілердің жіктелуі.
- Құрамына қарай жіктелуі.
- Құрылысына қарай жіктелуі.
- Номенклатура түрлері: тарихи, рационалды және халықаралық.
- Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардыңішінен: С2Н6, СН3СІ, С8Н10, С6Н6, СН2СІ2 СНСІ3, ССІ4, С8Н16, С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңдар.
- Органикалық заттардың құрамына қандай элемент атомдары кіреді?
- Сапалық құрамы бойынша органикалық затар қалай жіктеледі?8
8.Органикалык косылыстар кұрылыстарына байланысты калай топталады жөне әр топтағы заттардың көміртек атомдары өзара калай жалғасады?
- Төменде келтірілген заттардың ішінен көмірсутектердің формулаларын теріп жазыңдар: СН3С1,СН4, С2Н2, С2Н4, С20Н42, СН2С12, СНСІ3,ССІ4, С4Н8,С6Н6,С8Н8,С17Н36,С10Н22,СН3 ОН.
ІІ-тапсырма.Кесте толтыру.
- Көмірсутектердің құрамындағы химиялық байланыстың түріне (дара және еселі) қарай қалай жіктелетінін көрсететін мына сызбанұсқаны толтырыңдар:
- Берілген кестені толтырып көмірсутектердің әр класының ең кіші өкілінің мысалдарын келтіріңдер:
Көмірсутектің класы | Жалпы формуласы | Молекулалық формуласы | Ықшамдалған құрылым формуласы |
Алкандар |
|
|
|
Циклоалкандар |
|
|
|
Алкендер |
|
|
|
Алкадиендер |
|
|
|
Алкиндер |
|
|
|
Арендер |
|
|
|
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
- Алкандар жайлы ұғымдар.
- Алкандардың изомерлері мен атаулары.
- Көмірсутектерді атауға, формула құа білуге үйрену, жаттығу жұмыстарын орындау. 4. Метан молекуласы құрылысының ерекшелігі неде?
- Метан молекуласындағы байланыстың берік болу себебі неде?
- Көміртек атомдарының ара тістес құрылысты болып орналасуын электрондық теория тұрғысынан түсіндіріңдер.
- Органикалық заттардың қандай түрлері болады?
- Изомерлер, гомологтар деп қандай заттарды атайды?
- Қаныққан көмірсутектерге қандай изомерлер тән?
ІІ-тапсырма.Кесте толтыру.
- Алкандардың гомологтық қатарын сипаттайтын берілген кестені толтырыңдар:
Құрамындағы көміртек атомының саны | Молекулалық формуласы | Атауы | Агрегат күйі | Тізбекті изомерінің ықшамдалған құрылым формуласы |
С1 |
|
|
|
|
С2 |
|
|
|
|
С3 |
|
|
|
|
С4 |
|
|
|
|
С6 |
|
|
|
|
С6 |
|
|
|
|
С7 |
|
|
| а» |
- Изомерлер мен гомологтар туралы түсініктерді салыстырып келесі кестені толтырыңдар. Бос орындарға "бірдей", "үқсас", "әр түрлі" деген сөздерді жазыңдар.
Р/н | Түсінік | Гомологтар | Изомерлер |
1. | Сапалык кұрамы |
|
|
2. | Сандық кұрамы |
|
|
3. | Химиялык кұрылысы |
|
|
4. | Химиялык касиеттері |
|
|
ІІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы.
І-деңгей
- Мына көмірсутектердің графиктік формуласын жазып, рационалды номенклатура бойынша атаңдар:
а)2,3-диметилбутан, ә) 2,2,3,3-тетраметилгексан, б) 2,2-диметил-3,3-диэтилгексан, в) 3,3-диметил-4-изопропил-4хлоргексан, г) 2,3,4-триметил-3-метоэтилгексан.
ІІ-деңгей
- Қүрылым формулалары келтірілген қосылыстарды халықаралық атау жүйесі бойынша атаңдар және біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік кеміртек атомдарын тауып көрсетіңдер:
- а) 2,2,3-триметилбутан; ә) 2,3-диметилбутан, б) 2,2,5,2-тетраметилгексан, в) 2,3,4-триметил-3-этилгексан, г) 2,6-диметил-3,5-диэтил-4-пропилгептан. формулаларын құрастыру
ІІІ-деңгей
- Темендегі күрылым формулалары бойынша келтірілген қосылыстарды атап, берілген заттардың ішінен изомерлерді табыңдар. Ол үшін өуелі олардың молекулалық формуласын таиқан жөн:
- Формулалары келтірілген заттарды халықаралық атаулар жүйесі бойынша атап іштерінен қайсылары озара изомер, қайсылары гомологтар екенін табыңдар:
- Берілген заттардың атаулары бойынша қүрылым форму-лаларын жазыңдар:
а) н-гексан, ә) 2-метилбутан,
б) 2,3-диметилпентан,
в) 2,2-диметилбутан.
ІV-тапсырма. Жауабы 1- кесте бойынша.
І. Қаныққан көмірсутектер не алкандар деп:
1) көміртек пен сутегінен тұратын, сутегін және басқа да элементтерді қосып алатын қосылыстар;
2) табиғатта кездесетін газ тәріздіқосылыстар;
3) молекуласында барлық көміртек пен сутектің валенттіліктері толық қаныққан;
4) мұнайды өңдегенде алынатын сұйық фракция.
V-тапсырма. Тест жұмысы. (3-сұрақ)
- Алкандардың жалпы формуласы:
А) СnН2n; В) СnН2n-2; С) СnН2n+2; Д) СnН2n-6;
- Алкандардың гомологтық қатарына жататын көмірсутек:
А) С6Н6; В) С6Н14; С) С6Н10; Д) С6Н12;
Молекуласында сутектің 14 атомы болатын алкан:
А) гексан; В) гептан; С) октан; Д) пентан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇