Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  116


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Әсемі жоқ гүлдердің...

Әсемі жоқ гүлдердің,
Әсері жоқ көктемнің,
Есебі жоқ күндердің,
Өсегі жоқ өткеннің.
Таңданбаймын әнге де,
Тамсанбаймын әр неге.
Алданбаймын пернеге,
Байланбаймын кермеге.
Ұмтылмаймын ойынға,
Бұлтыңдаймын – көкектің.
Ұмсынбаймын қойынға,
Тылсым жайын – кекеттім.
Ақыл – қаран, өрем – құр,
Атылмайтын берен бір.
Ақырзаман деген бұл,
Ақырмаса – өлең-жыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу