Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  83


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Ғайыптан келем жаяулап...

Ғайыптан келем жаяулап,
Ғайыпқа барам таяулап.
Батады күндер алаулап,
Ары аунап барады ай аунап.
Ғайыпқа барам танаулап,
Ғайыпта бардай жаңа аумақ.
Дос күтер ме, жау арбап,
Ғайыптан келем жаяулап.
Шүлен жаз онда борасын,
Жұмақ па деп те қаласың,
Тозақ па деп те қаласың –
Ғайып пен ғайып арасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу