Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  199


Автор: Сәруар Қамаева

СЫРЛАСАМЫН ӨЗIҢМЕН

Сырларымды бөлiсейiн дедiм,
Сағынған жандай көрiсейiн дедiм.
Жатсынбай менi жақындап келсең,
Жаныңды ұғып, сенiсейiн дедiм.
Ойыңды оқып бiлейiн дедiм,
Қасыңда қатар жүрейiн дедiм.
Сындарлы шақта сыңарың болып,
Жұптасып өмiр сүрейiн дедiм.
Санаңа бiр сөз салайын дедiм,
Жаныңа жақын барайын дедiм.
Қиналған шақта қатарлас тұрып,
Көтерiп бiрге алайын дедiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу