Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.08.2022
169
Жеңісім – тірі жүргенім....
Жеңісім – тірі жүргенім,
Мұңайғаным мен күлгенім,
Тірлікті ессіз сүю де –
Ерлік екенін білгенім.
Шаттығым – таң мен кештерім,
Жанғаным кейде өшкенім.
Өлең боп өкпелегенім,
Өлең боп өмір кешкенім.
Бақытым – адам болғаным,
Қуанып кейде тоңғаным.
...Көк ала күндер ішінен
Өзіңді таба алғаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter