Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  87


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ӨКПЕ

Қара өлең, қасиетің далама тән,
Бақытымсың, бағыңды бағаласам.
Жүрегімді сыздатар сорым да сен,
Жанға ашпайтын сырымды саған ашам.
Сүрінесің, тұрасың, шыңаласың,
Өтер күндер ұнасын, ұнамасын...
Бүгін мына өмірге ашуланып,
Ертең осы тірлікке қуанасың.
Беу, өлең, түсінеді өкпеңді кім,
Мезгіл тұр босаңсытпай өктемдігін.
Алматы өксиді үнсіз, айтып іштей,
Тілемшісі көбейіп кеткендігін.
Кінә тағып тұрғандай ай да маған,
Айдай таза ақ өмір қайда маған!
Райымбек даңғылына түсіп алып,
Кетіп барам, білмеймін, қайда барам?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу