Өлеңдер ✍️

  27.08.2022
  227


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жұматай жөні

Алты атасы оқалы кұпіні киген,
Ділмәр тумай, кім туар тұқымы биден?!
Қайын-жұртқа кұн сайын аттанардай,
Мұртын басып, қозғалмақ, күтініп үйден.
Тарихқа бойлап, бітпейтін бітімі мимен,
Сауытты ойлап, Сардақ пен Мұқылы киген.
Елдікті ойлап ежелгі, телміре қалса,
Езуінен шылымның тұқылы күйген.
Қасіреттің шыққан соң, түтіні күймен,
Елестейтін сергітіп, үкілі жирен.
Жұматайдай жоғары болғың келсе,
Батыстан бұрын, бақасқа түкіріп үйрен!..



1995 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу