Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  55


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бір тамшы жас

Бір тамшы жас,
Қуаныштан тамса ғой.
Санамдағы шайылар ма сансақ ой,
Қуаныштың жасыменнен жұбатып,
Қайран анам мені күтіп алса ғой.
Ех, өмір-ай,
Әкем жүрсе күзетіп,
Жаз күнімді алған жанмын күз етіп.
Пейілім мен мейірімнің өлшемін,
Алар ма едім түзетіп.
Ех, дүние-ай,
Әке жоқсың, сенбеймін.
Жан дүниемді жаншып жатыр сеңдей мұң.
Немереңді құшып жатып ойланып,
Жан-жарамды емдеймін.
Ех, өмір-ай,
Сүйіншіңді сұратып,
Туылған ем, көктем өмір бүр атып.
Күзде тоңған нәзік гүлдей жанымды,
Жұбатасың жылатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу