Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  67


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әй қазағым...

Әй қазағым,
Кең далаңа сиып алшы.
Кер кетпей, айылыңды жиып алшы.
Боратта нелерің бар,
Оттай берсін,
Өзіңнің тентегіңді тиып алшы.
Қызыңды тыйып алшы көше көрген,
«Көбелек» боп соңынан өсек ерген.
Тәйт әрі- деген ұлы тәлім көріп,
Тал бесікте тәлімді өседі ерлер.
Әртүрлі құлын туар әр биеден,
Қари турар,
Тегі асыл әулиеден.
Тектіменен бір жүрсең ол да жұғар,
Тәртіптің төл бастауы тәрбиеден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу