Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.08.2022
198
Болсыншы елім аман
Намысшылмын, иә, рас жасырмаймын.
Жүрегімде жатса дағы ғасыр қайғым,
Кім болса да, ол болсын басынғанды,
Басымнан асырмаймын.
Кекшіл емен, барлығын кешіремін.
Достарға еркелеймін, есіремін.
Аллаһым да күнәңді кешіреді,
Кешіре біл.
Жан-жағына жүретін қарасып ол,
Әр қазағым көзімнің қарасы бол.
Жетімге қолыңды соз, жесірге де,
Жанашыр бол.
Өтер-кетер дүние, залым болма,
Келешек тіршілікті, халіңді ойла.
Аталы сөз айта алмай жүргендер көп,
Арыңды ойла.
Бабалардың мирасы жерің аман.
Ей өлең,
Мирас етті сені маған.
Қазағым деп еркелеп жүрейінші,
Болсыншы елім аман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter