Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
204
Есіме алсам өртеніп жанам, күйемін...
Есіме алсам өртеніп
жанам, күйемін,
Сабырлым менің, киелім.
Торыққан кезде елестеп,
Махаббатыңмен сүйедің.
Қиналсам тұрдың алдымда,
Ауырсам шипа болдың да.
Жер басып жүріп алыстан,
Толтырдың орнын жардың да.
Тербетіп кейде шайқаған,
Көзіңнен бір мұң байқағам.
Сүйемін тағы өзіңді,
Өмірге келсем қайтадан.
Осылай кербез, киелім,
Өзіңді ғана сүйемін.
Сертіме берген берікпін,
Кеткенше қурап сүйегім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇