Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  266


Автор: Бауыржан Үсенов

ШАҒАЛА АРМАН

Шағала арман
Жөн сілтейді шаңқылдап маған алдан.
Сәтті күні көтеріп желкенімді,
Ұзап кетіп барамын жағалаудан.
Желкенді жел кернесін,
Күтеді бүгін де сын, ертең де сын.
Табаныңда кемемнің өр толқындар
Қаға алмастан қанатын мөлтеңдесін.
Әуелі мен,
Шықсам да қыран ұшқан тау елінен.
Шабыт алып, жыр құрап тебіренем,
Қоршай жүзген балықтар әуенінен.
Шертіп әнін
Қайсарлықтың, кемеде мен тұрамын.
О, Жуалым, өзіңе оралады,
Жұмбақ арал ашқан соң ерке ұланың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу