Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
209
Бірге жүріп, бір сезімге балқыдық.
Бірге жүріп, бір сезімге балқыдық.
Содан кейін, кеттің өзің тартынып.
Бал шағымыз ертегіге айналып,
Жүрегімде жылап қалды жалқы үміт.
Жалқы үмітті серік етіп, қоштастым.
Сен елес боп көкжиекпен астастың.
Бәлкім бізді махаббатпен тең жүрер,
Арамызда қоңырайған қоcпас мұң!
...Күз келді де, көмдік тәтті күндерді.
Қосылмаймыз сүйе тұра, бірге енді.
Бақыт құшып, бал татыған түндерді,
Сен де, мен де ойламайық мүлде енді!
Ойламайық мүлде енді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇