Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  120


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

АНАМА

Көңілім аумай басқаға,
Жанымнан таппай жақсы аға;
Жүргендей жалғыз әлемде,
Жабығып жүрмін, Ақ Мама!
Кедергісінен жарлардың
Жете алмай жүрмін жағаға.
Ағысыменен арманның
Алыстап кеттім, жан ана!
Мені алып кетті жыраққа,
Арнасы асқақ ағынның.
Даусы тұр сайрап құлақта
Ұшырған бұлбұл бағыңның.
Ойлардың қуып елесін,
Ішінен сансыз сағымның
Естеліктерін іздедім
Сонау бір сәби шағымның.
«Алсам, - деп, - үлес жыр күннен»,
Жасыдым қанша, күлдім мен!
Жылаған сәтте жұбатар
Әлдиіңді аңсап жүрмін мен.
Саясы менің жанымның,
Аясы менің әнімнің –
Жасыған сәтте дем берер
Алақаныңды сағындым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу