Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  66


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Көктем де келді далама...

Көктем де келді далама,
Бусанып жатыр түлеп қыр,
Тыңдашы мені, Жер-ана,
Қызыңнан күтсең жыр өткір.
Адуын көңіл арғымақ
Ауылдың қырын тілеп тұр.
Сырларың көп қой сан жұмбақ,
Несібең болса, үлестір!
Дөңгелеп жатыр дүние,
Жүргендей күтіп күрес бір.
Құлағын тіксе үніме,
Алатау шыңы жыр естір.
Сылдырап ағып бұлақтар,
Қосқандай ғажап жүрекке үн.
Сыр болып сұлу шумақтар,
Жаныма құйды бір екпін.
Тазалығымен даланың
Көңілге кәусар жыр ектім.
«Көктем» деп ұққын сен мені,
Жаршысы жаңа тілектің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу