Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  98


Автор: Балта Қосбармақ

Алты ай жазда болып кетем бір апта...

Алты ай жазда болып кетем бір апта,
Алты ай қыста болып кетем бір апта.
Атамекен!
Өкпелеме ұлыңа,
«Кетіп қалды, - деп, - шығандап жыраққа».
Сарыарқаны тастаса да арқары,
Сенің ұлың қайтады.
Жалғастырған туған жерді перзентпен
Мықты ғой тым,
Мықты ғой тым табиғаттың арқаны.
Байтақ Сарыарқаны


Тастаса да құлан, киік, арқары,
Сенің ұлың қайтады.
Атамекен,
Атакүлдік,
Уай, ғажап!
Жетем саған аңсап, шаршап, ой қажап...
Өзге дүние жәннат болып кетсе де,
Туған жерін сағынбайды қай қазақ?!
Құмақ қырат,
Жусан толы жазығым,
Оралады өз ұлың –
Швейцария боп кетпейді Маңғыстау,
«Ат айналып табады ғой қазығын»...
03.01.1981 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу