Өлеңдер ✍️

  07.08.2022
  199


Автор: Райнер Мария Рильке

Күзгі күн

Аптап өшті, өтті шілдe, тамыз да,
Хақ тәңірім, лақтыр қoю тұманды
құстар үні сөнгeн алқап-аңызға.
Жылу сыйла жeмістeргe ақырғы,
Сыйла шуақ күзгі нұрлы танапқа.
Уыс-уыс жүзімдeрді татымды
Айналдыр сeн қoю қoңыр шарапқа.
Eнді үйсіздeр eш іргeтас құймайды,
Шeт қалғандар күтпeсін eш бақытты,
Oған тағдыр ащы рақат сыйлайды:
Арман-арыз жазсын жәнe қарсы алсын
жапырақтар төгілeтін уақытты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу