Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  74


Автор: Айсырға Қилыбаева

АЙЫПТЫ НЕ?!

Жүруді тар соқпақпен үйреніп мен,
Аңқау ем, аңғарымпаз күйге еніппін.
Қорғайтын тағылардан шоқпарымды
Тастамай лақтырып, сүйреп өттім.
Алланың құлымын мен құлақкесті,
О бастан қулық-сұмдық жырақ көшті.
Ентелеп Парнас тауға келе жатсам,
Үстіме тымақты түн құлап түсті.
Жанымның жапырағын жайып күнге,
Моншағын ақ жауынның тағып гүлге;
Күтсем де, бақшамнан дәм тата алмадым,
Торғай ма, әлде құйын… Айыпты не?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу