Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  156


Автор: Бірғали Байекеев

ЖЫР СЕРІСІ МЕН ЖЫР ЖЕГІСІ

Жасау-жиhаз,
Үй толы.
Аула сәндә, терек көп.
Жаман емес күй-қоңы
Біреу келді дедектеп,
Радиодан
ақын үнін өшірді
«Өлең неге керек?!» деп.
(Біз білмедік,
Қай жобада көргені)
Сәуемізді тергеді,
балағаттап жерледі,
Тек құлаққа келгені:
«Жыр-шайтанның өрісі,
еріккеннің ермегі».

Ми қатпары
ми батпақтай мың қыртыс,
Басқан ізікөлеңкелі, күңгірт іс.
Сөздің парқын ұқпайтын,
Құлқын-құдықтан шықпайтын,
көкірегі көр соқыр,
Үстемсіді үңгір тіс.
Кенет... Кенет...
Ойда-жоқта
нұрға бөлеп бөлмені
Ақын кіріп келгені.
Жасын ойнап,
жыр нөсері селдеді.
Бес қаруын
сайлап алып белдегі,
Шәртік қарын,
құр кеудеге сұстанып,
тау көшкендей көлбеді.
Осы сәтте
маңдайында-топастықтың мөр-меңі,
ажымдары-өрмекшінің өрмегі,
көгілжімдеу сор-реңі,
беті-құбыжықтың жөргегі,
әжуадан әлемтапырақ жыр жегісі
ақын айбынына шыдай алмай өлгені.
Денесіне
түк сезбестің
ұшқын өлең-от түсіп,
шымбайына
шерлі жолдан шоқ түсіп,
қас- қағымда
өрт өлеңге оранып,
қара күл боп кетті ұшып.
... Көз алдындаҒайып болған құр мүсін.
Кеңге салып
әділеттің дүрбісін,
жыр жегісін
жаhаннамға жіберіп
ақын отыр
қалап өлең құрылысын,
Көңілінде
күмбірлеген күй басым,
Шабыт селі
шама бермей құйғасын.
Ақын!
Сенің асқақтасын жырларың,
Адамдарға
қуаныштар сыйласын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу