Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  89


Автор: Бірғали Байекеев

БЕКБАУЛЫ АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗ – ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕГЕН СӨЗ

Таклим* еттім сөзімді танып-білген
Таң шапағын қарсы алдым жарық Күннен.
Ислам дінін бір Алла тарапынан
Мұхаммед ғалейһи уәс-салам алып келген.
Сенеміз бір Алланың барлығына,
Бірлігіне, мұстахаб* жарлығына,
Береміз куәлікті Мұхаммедтің
Сахихында* пайғамбар барлығына.
Ғибадаттар парыз ғой жүректегі


Ойлағанда денеміз дір еткені.
Иман, намаз, ораза, пітір, зекет,
Қажылық бар-Хақ діннің тіректері.
Бақыттың бүтін сыр бар енуінде,
Ұлықтық соны ұстауға көнуінде,
Исламды мойындап мұсылманша,
Ақиқат дінімізге сенуінде.
Болу керек бойында ар-иманы,
Ұстау керек ділімен қағиданы,
«Ла илаһи иллалаһу Мухаммадур расулуллаһи!»
Білу керек осынау кәлиманы.
Бұл кәлима болады «Тайбат» деген,
Мұсылмандық тым араз ғайбатпенен,
Мұсылмандық – шартқа иман келтіргенде,
Аллаға ұнамайсың айбатпенен.
Сенеміз әрқашанда бір Аллаға,
Бір Аллада есепсіз тұр-ау баға,
Жамандық та, жақсылық та қалауында,
Құдіретті ол жоқтан бар құрауға да.
Демеймін данасынып білем бәрін,
Сезінсең сиықсыздық, тұра алмаған.
Ислахи* іздесең Құранға сен,
Алла сөзі мүтәкәллим*
- Құран Кәрім.
Ешнәрсе оқымаған надан болар,
Тұңғышы Пайғамбардың-Адам болар,
Барлығынан абзалы –Мұхаммед ғалейһи уәс-салам,
Осымен ең соңғысы тәмәм болар.
Тірліктің тарауында сан із болар,
Бұл пенде әр нәрсеге қарыз болар,
Екі дүниеде бақытқа жету үшін
Ілім іздеу баршаға парыз болар.
Жамандар жақсыларға тор құрады,
Еңбегін еш кетіріп сор қылады,
Қараңғылық, надандық, алауыздық,
Тафриқа халаф* пендені қор қылады.
Адам ба кісілікті күзетпеген,
Қисық пен қыңырларды түзетпеген,
Ынтымақ, сыпайылық, құаттылық,
Келеді ілімменен, ізетпенен.
Біз жүрген бір Алланың құлымызғой,
Құл болу – мұсылмандық діліміз ғой,
Озалдан үмметіміз Пайғамбардың,
Мұхаммед ғалейһи уәс-салам ұлымыз ғой.
Жасымнан дін оқуын керек еттім,
Көңілімнің қалауына көне кеттім.
Шоңайда Тоқсанбайдың Моншасынан
Перзент ем, есті сөзге ере кеттім.
Демеймін басқалардан кереметпін,
Өзімнен үлкендерді өнеге еттім,
Дін жолы-өмірдегі ең дұрыс жол,
Барынша білгенімді дерек еттім,
Келеді ұрпақтарға бере кеткім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу