Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  219


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ӨМІР

Өмір ме? О бастан ғашығым,
Сүйемін сол үшін, достарым.
Ол маған естілер асыл үн,
Ол десе қуандым, тасыдым.
Оны мен сүюден бастадым,
Ол менің қашанда жақсы әнім,
Көмейде әйтылып бітпеген.
Сеніңдер, о менің достарым,
Шапақты шырайлар күт менен.
Тыныштық жат болған жас жаным,
Дауылды кезеңге асық тым.
Аяулы армандар-асқарым,
Өмірге осылай, достарым,
Ерекше сезіммен ғашықпын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу