Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  101


Автор: Серікбай Бердияров

Жанында жүріп ағаларыма еліктеп...

Жанында жүріп ағаларыма еліктеп,
Ыңғай бермедім пәтуасыз желікке.
Қолым босаса немерелерді мінгізіп,
Қала, даланы қыдырта қоям көлікпен.
Таңертеңіне бөлменің ішін қаққызып,
Бағытталамын жасалар іске нақтылы.
Киім-кешегін немерелердің қаттатып,
Жетіспегенін орнына қоям тапқызып.
Уайым қайғы болмаса бала ойнайды,
Қызынғанында қой дегеніңе қоймайды.
Қол аяғын, бетті жақсылап жуғасын,
Өзі ұғынып жасай салады кей жайды.
Апарасыңыз жетекке алып жиынға.
Соғылғандығы кімге тиімді қиындау.
Немерең тәтті барлығынан да дегенді,
Сақтатып қойған келін балалар миыңда.
Ертелі, кеште үнемі тұрам оталып,
Аруана ғұмыр еткесін силап боталы.
Атқан таңыма, батқан күніме тәубелеп.
Қорбаң қағамын көлдегі құстай қопалы
Құдіретіңіз қас қағымына таңылып,
Немереңізге жүрерің анық жалынып.
Ынсабымдағы қызмет түріне разымын,
Құлап жатсамда оралғыларға шалынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу