Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  81


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

АРТЫҚША ТУҒАН ƏЙНЕКЕМ

Шымкенттегі орыс алған соң,
Сұрады елді бес кісі.
Шабылып кетті қиналып,
Қасты ойлаған өштісі.
Ат пен түйе көп алды,
Ауыз екі дос кісі.
Ысырап қып малды шашады,
Малға бір қырын өш кісі.
Сол уақытта Ысадай,
Бола алған жоқ еш кісі.
Бейдəрəт жер баспайды,
Қолыңда бір тəспісі.
Қарайған қазақ қарап тұр,
Ысадай алтын шынарға,
Жас балалар өскенше,
Құдая қолдан шығарма,
Ояздың əлі келмеген,
Көзінен таса қыларға,
Артықша туған Əйнекем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу