Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  104


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қияметтің күнінде

Қияметтің күнінде
Қайғы бұлты қалыңдар,
Зауал табар түбінде
Жауыздар мен залымдар.
Айтсақ сөздің расын,
Жанды қинар азап бар.
Имандының күнәсін
Көтере алмас кәззаптар.
Жағдай болса төзе алмас,
Құтылмайсың шынында,
Көмек қолын соза алмас
Әйелің мен ұлың да.
Пәк едім деп мен кеше,
Айта алар ма жан адам,
Бара алар ма ендеше
Мекеніне қалаған.
Қала алмайсың тасада.
Болса қандай үлесің,
Өз ісіңе жасаған
Өзің жауап бересің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу