Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  151


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құрылықта, көкте және теңізде

Құрылықта, көкте және теңізде
Жүрсең, ұшсаң, жүзсең – соған негіз не?
Қара жердің, жел мен селдің міндетін
Тапсырған кім?
Ақылға сал!
Соны ізде!
Киіп алып құлдық сезім ноқтасын,
Жауып алып жүрегінің қақпасын,
Ішкенге мәз, жегенге тоқ , ақылы аз
Хайуан-сынды надандардан сақтасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу