Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  101


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жең ұшында қылмысын жасырған бар,

Жең ұшында қылмысын жасырған бар,
Ел алдында ұяты ашылған бар,
Момындарды күйзелтіп, тасынған бар,
Пайғамбардан дауысын асырған бар.
Қияметтің кәрінен шошынғандар,
Азғырынды сөздерге қосылмаңдар.
Нағыз шыншыл, ең әділ мұсылмандар –
Тәуба қылып, Аллаға бас ұрғандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу