Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  101


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

МАҢҒЫСТАУ ЛЕБІ

Киелі өлке лебі –
Ақындар жазған сонаттар,
Ауаны сызып,
Сусылдап күміс қанаттар.
Шабыт боп шырқап,
Ән болып келіп құйылып,
Көкірегіңе қонақтар.
Маңғыстау сенен жаныма ләззат таптым да,
Сеземін сенен әсем бір бейне пәк тұлға.
Сенде ме дедім, адамдар іздеп таппаған,
Қайнар көздері бақтың да.
Төбеңде сенің мыңдаған маржан, түнгі аспан,
Мың маржанға ақындар арнар мың дастан.
Өйткені сенің ұл- қызың шырқап тұр бүгін,
Өмірдің әнін тынбастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу