Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  75


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

МЕН БӘРІБІР ТАНИМЫН

Жол үстінде бір жолаушы: «Көзіңді таңып, мидай далаға апарып тастаса қайтер
едің»дегені. Мен сонда оған былай дегім келген:
Маңғыстау сені танимын:
Сәскеде ұшқан бозторғай шырылынан.
Жомарт жанды жылқышы құрығынан,
Май сіңген күртешелі
Арудың бұрымынан.
Маңғыстау сені танимын:
Барлаушы қосындағы самала оттардан,
Ертеңгі биігіңнен, қажымас қайратыңнан,
Мұнай селін ақтарған.
Маңғыстау сені танимын:
Қыр төсін қайыстырған поездың дүбірінен,
Кең жайлау, тымық кеште ғашықтар күбірінен.
Айқыш –ұйқыш төсіңе белдеу салған,
Күре тамыр-мұнайгаз құбырыңнан.
Бақытын тапқан талай бұл арадан,
Ертеңгі нұр көрініп тұрар алдан.
О, достым, байласыңда көзімді танимын мен,
Маңғыстауды самсаған мұнарадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу