Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дін – ғылымның бастауы

«Оқы!» деген сөзді ең алдымен Мұхамбет пайғамбарға
Жебірейіл періште айтқан. Одан кейін Мұхамбет пайғамбар: «Оқы,
оқы, тағы оқы!» – деген. Осы сөзді кейінгілер өздеріне жапсырып
жүр. Негізінде – бұл Алладан келген сөз.



«Дін – апиын!» дегендердің
Саналары уланған.
Елдің қамын жегендердің
Көкірегінде нұрлы арман.
«Оқы, оқы, оқы!» – деген
Емес көптің кеңесі.
Бір Алланың атыменен
Түскен Құран сүресі.
Ел-жұртыма болған қорған,
Ғылым – білім асқары.
Барлығына негіз салған
Дін – ғылымның бастауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу