Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  83


Автор: Ғали Орманов

Сөйле деп маған сөз бердің

Сөйле деп маған сөз бердің
Тойыңда, жұртым, қолқалап.
Сыйлаған сонау көздердің
Жанымды оты кетті орап.
Сөзімді халқым қаласа,
Тартыну, сірə, жоқ маған.
Кəдеңе жырым жараса,
Өзгені мен де жоқтаман.
Мысқалдап алтын қазғаннан
Кем емес өлең жолдары.
Тасқа ойып бірақ жазғаннан
Жадыңда жақсы қалғаны!
Қайрылсаң, жұртым, күнде оған,
Қараған жандай үміт қып,
Өлеңде ешбір жоқ арман,
Жаныңды жатса жылытып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу