Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  87


Автор: Ғафу Қайырбеков

СӨЗ СОҢЫНДА

Маңқыстау, саған менің көп қарызым,
Жоныңда жолаушылап жортқан ізім.
Қалсын – деп жырларым да, шабыт сұрап,
Жолдаған жаңа оралды көкке арызым.
Онсыз да уақытты асырған шақ –
Асығыс кедір-бұдыр тасты қашап.
Балғасын қарт шебердің сұрап алып,
Бір бөстек-бітеу тері астыма сап.
Аспанда аз бұлтыңның бір пұшпағын,
Алдыма алжапқыш қып, күнде ұстадым.
Қарарсың күлімсіреп, кешіріммен,
Олақтау жұмысына бұл ұстаның.
Өйткені көзін көрдің сан шебердің,
Ортаймас отанысың сонша өнердің.
Бір қақса мəңгілік қып қағатұғын,
Біріндей қайдан болсын сол шегеңнің.
Сонда да бір қызмет етейін мен –
Дедім де жыр ұшырдым көкейімнен.
Баяғы мейманымның тартуы деп,
Қабыл ал мол ықылас, кең пейілмен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу