Өлеңдер ✍️
СЕННАХЕРИБТІҢ ЖЕҢІЛУІ
1
Қойға шапқан қасқырдай Ассирия əскері,
Үсті-басы сары алтын өңкей полк – жас бəрі.
Бейне сансыз жұлдызы жалтылдаған көкке ұсап,
Жарқылдаған жау-жарақ найзасында жоқ қисап.
2
Жазғы күнгі орманның жапырағындай жасанып,
Жалқын кеште жайтаңдап, келіп еді жол салып,
Қысты күнгі орманның жапырағындай қураған,
Таң алдында жатты олар тағдыр қолы тураған.
3
Періштесі ажалдың желге тосып қанатын,
Үрлеп, қалың сол қолдың сарықты өмір сағатын.
Көзге ұялап мəңгі ұйқы, құшақ ашты түнек көр,
Ақтық рет бір соғып, тынды асау жүректер.
4
Жатыр, міне, шын тұлпар қос танауы делдиіп,
Сонау кезде дəл бұдан болмап еді жел жүйрік.
Жағасына теңіздің жатады бір қақ шөгіп,
Дəл сондай-ақ оның да жатты аузында ақ көбік.
5
Жатыр, əне, иесі төрт тағандап құлаған,
Ақ сауытын ат басып, шаштарын шық сулаған.
Шатырлар тұр түк үнсіз, ту ұстаған құл да жоқ,
ІІІартылдамас көк найза, жеңілгенге сын да жоқ.
6
Ассирия жесірі жатыр жоқтап, дауыс қып,
Ваал храм қаңырады бар əмірін тауысып.
Қалған халық қылыштан қаңғып кетті қарғыс ап,
Тəңірінің күнінен еріп біткен қарға ұсап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇