Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.06.2022
172
АЙДАЙ БАТЫП
Өзіңді – өзімменен бірге ғой деп,
Көкейде ақтарылмай жүрген ой көп.
Ала алмай екі қолға бір жұмысты,
Өз үйім –
Өтті өзіме,
Түрмедей боп...
Телміріп қиыр жаққа терезеден,
Толқытып шерлі көңіл,
Төгеді өлең...
Өткерген өмірді өзі айтып берер,
Сұрасаң,
Осынау төрт керегеден.
Көктем де, өмірімде жатыр ақпан,
Қосылып өзендерге жасым аққан.
Пендеге айтпаған бұл жан сырымды,
Сұраңдар,
Сыбдырлаған,
Жапырақтан...
Білдіртпей жатушы еді таңдар да атып,
(Рухтың еркіндігі қандай бақыт!)
Тəуелсіз күннің келем қанатында,
Ақ бұлттар толқынына
Айдай батып!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇