Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  308


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚАРАСАЙ ҰРПАҚТАРЫ

Шоқтығы қалатұғын аласармай,
Қазақта батырлар бар,
Қарасайдай!
Ерлерін жырлағанда
Ел қорғаған,
Жанына ақындардың жарасардай!
Сан тарау тарихым бар
Сабақталған,
Жеткізді осы күнге қанатты арман.
Тəкаппар тауларым тұр көкті тіреп,
Сау жер жоқ денесінде –
Садақтардан!..
Алапат жүріп өткен талай тасқын,
Куəсі болған далам,
Сан айқастың.
Тəуелсіз елім мынау айбыны асқан,
Ұрпағы батыр Бабам,
Қалай сассын?!.
Қырмызы ырғатылып гүл шоқтары,
Жатыр ғой өткен күндер –
Сыр-соқпағы...
Жан кешпе батырлардың
Жолын қуып,
Ер болып өссе деймін, ұрпақтары!
Сілтеген сойыл-шоқпар дауылда еркін,
Қазағым!
Сен нағылған жауынгерсің?
Халқының ар-намысын ту көтерген,
Жастарға батыр Бабам,
Жолын берсін!..
Қайтадан қауыштырған елге Арысын,
Келтірген жақындатып,
Көзге алысын
Келеді дəстүріңді жалғап сенің,
Тəңірі – кең даланың жолбарыс Ұл!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу