Өлеңдер ✍️

  19.06.2022
  86


Автор: Әділбек Ыбырайымұлы

Жапанда жалғыз жұрынмын...

Жапанда жалғыз жұрынмын,
Бөктергі кетер бөктеріп.
Қадірі қашты жырымның,
Көңілі кіршең көпке еріп.
Мен екем әңгің әулікпе,
Құлашын ұрған құрдымға.
Шатасам сан мың тәулікке,
Батамын батпан «ырғынға».
Қайыңның жонған безінен,
Қыл қобыз болсам деген ем.
Жалғаннан мынау безінем,
Кеземін көкті кемемен.
Тартпадым мүлде шыжымды,
Өтпедім құздан дін аман.
Көкейге батқан қыжылды,
Басады баппен Жұмағам.
Нетемін енді, көнем де,
Қаламай тұрсын ындыным.
Мұңымды шағам өлеңге,
Жапанда жалғыз жындымын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу