Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  104


Автор: Сұраған Рахметұлы

Келешегім ертеңгі – жұлығы жоқ кебісім...

Келешегім ертеңгі – жұлығы жоқ кебісім,
Мендегінің бәрі бос...
Сендегінің тегі шын.
Таңға жақын көрген түс аян болар деуші еді,
Ертегіңнің күшімен «Бітік өссін егісің».
Ұзақ болсын жолдарың, әйтеуір бір қаласың,
Сосын сөнген бұлақтың, төбешіксің,
даласың.
Жыр жаза бер әуелі жырға зар ел табылар,
Тамырында қазақтың дарыны бар
баласың.
Осындай ой шідерлеп, осындай ой ұстар мін,
Сүт денесі арылар сүйегі асыл тұстардың.
Берекеттің бетіне бір тамшы ұят ұмытып,
Күз қайтады соңыра қанатында
құстардың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу