14.06.2022
  257


Автор: Алмат Исәділ

Мерей

Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын!

Көзімізде от жайнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда – көк байрақ.

Төбемізде – арай күн,
Рухымызда бар айбын.
Санамызға сіңірдік
Дана сөзін Абайдың.

Қатар жүріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Бірге өсіп сенеміз,
Әлі-ақ жеміс береміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу