Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  197


Автор: Жангелді Немеребай

Азалы күн...

Азалы күн...
Азалы күн, о, неткен қайғылы күн,
Беу,Халқым мен де сендей қайғылымын.
Бейбіт елім, бұзылды-ау тыныштығың,
Қанды қолдан көз жұмып АЙБЫН ұлың.
Ел едік қой бауырмал құт қашпаған,
Бірін - бірі жағадан ұстаспаған.
Ашық күнде, жап-жарық айлы түнде,
Найзағай түсті аспаннан бұлт баспаған.
Әсерлеген дінменен бар кескінін,
Адасқандар жасады лаңкестігін.
Отан үшін оқ құшты қайран Ерлер,
Қаймықпастан жолында жанкештінің.
Азалы күн,о,неткен қайғылы түн,
Жазбасақ екен енді қайғылы жыр.
Тәңірім бейбіт елге береке бер,
Қазақтың сүріндірмей сәйгүлігін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу