Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
291
Әркімге мойын бұрып қарамаса...
Әркімге мойын бұрып қарамаса,
Талай жанның жүрегін жараласа.
Сол үшін де Жангелді кінәлі ме,
Кінәлі ме, көңілі қаламаса.
Не айтасың жүректің әміріне,
Көнбейді екен өзгенің жәбіріне.
Кеудедегі кіршіксіз кербез сезім,
Бағына ма кім білсін Тәңіріне.
Сенімдерін мен бәлкім ақтамадым,
Сезімдерін түсіндім, даттамадым.
Қыздардан келсе-дағы хаттар ағын,
Жауабсыз сұрақ едім (әппақ арым).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇