Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  202


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БАЛАЛАРҒА АРМАН БА, БАЛА ШАҒЫ

Балаларға арман ба, бала шағы,
Оларға арман алдағы болашағы.
Болашағы қарттардың қалтыратып,
Қам көңілі қайғыға жол ашады.
Жастар тасып, өмірге сыя алмайды,
Қарттар жасып, өмірін қия алмайды.
Қатарласы бірінің қаза болса,
«Жалған-ай» деп көз жасын тыя алмайды.
Нұры тайған жанардың ауыр жасы,
Ауылдасы жоқ енді, бауырласы.
Жүре берші қарайып жер бетінде,
Ауырмашы, қарттарым, ауырмашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу