Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  109


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚОЛЫМНАН МЕНІҢ КЕЛСЕ ЕГЕР

Қолымнан менің келсе егер,
Құс қанат тұлпар алдырып.
Күмістен ерді салдырып,
Күндіз-түн жортып талдырып.
Құсты да ұшқан қалдырып,
Жайықта шөлді қандырып,
Еділде еру шалдырып,
Жетер ем саған тұлпардың,
Жабдығын бір-ақ алдырып.
Қолыңнан сенің келсе егер,
Алпыс қыз нөкер алдырып.
Сәукеле басқа салдырып,
Саумалмен шөлін қандырып.
Ақ күмбез алпыс отауда,
Жағалай шырақ жандырып,
Отырмай белді талдырып,
Сен мені күтіп алар ең,
Естіген елді таң қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу