Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
254
Төлеген Айбергенов
С. Есенинге
...Орыстың туа салған бір бағына
Есілсе сырнай әуен сайран бақтан,
«Бір тойы» Төлегеннің тойлап жатқан...
Ән болса,
Қанатына іліп алып,
Ұшқаны Қасқалдақтың Мойнақ жақтан.
Қыздардың жанарына жас ұрлатқан,
Естілсе,
Таныс әуен жасыл бақтан...
Көктемде бұлақтарға елеңдеймін,
Сен бе деп, арнасынан тасып аққан.
Биіктен бастау алса мөлдір өлең,
Көрінен жылдан-жылға өрлігімен.
Әлі де сенбей келем,
Сенбеймін мен,
Сөздерге Төлегенді өлді деген.
Жүректің қыл пернесін дірілдеткен,
Апыр-ай құдірет пе,
Өлең неткен?
Өлді деп қалай ғана айта аламын,
Өлең боп ізің жатыр жүріп өткен?!
Дегендей сағына біл,
Сағына жүр,
Құйылған санаңа – нұр,
Жаныңа – жыр.
Өлеңнің аспанында қалықтайды,
Қазақтың туа қалған бағыны бір!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇