Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  179


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АРЫМНЫҢ ТАЗА ЕКЕНІН

Арымның таза екенін,
Жаныма жалау етемін.
Қаулаған өрттей өсекті,
Бықсытып басып кетемін.
Тас атып жүрген дұшпанның,
Ас атып қолын кесемін.
Ұяты өртеп өзегін,
Өкінер дұшпан, сеземін.
Азарсыз жан ем ешкімге,
Қалайша болсың безерім.
Сабыр бер, тағдыр, қуат бер,
Бәріне енді төземін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу