Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  198


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӘЖЕ

Арда емген тайдай,
Бауырыңда бұла өстім де,
Анамды туған білмедім.
Аттанар шақта парызымды, әже, кештің бе,
Құшағынан ыстық дүниенің.
Жанардан мәңгі жарқ етіп сөніп,
Бар аймақ,
Жұлдызың ағып түскенше,
Жаттың ба, әже, келер деп мені қарайлап,
Ақырғы демің біткенше?
Елесін қуып іркес те-тіркес арманның,
Шалғайда шеру шектім де,
Сапарға соңғы шығарып сала алмадым,
Кешігіп, әже, жеттім де.
Көрсетем деген көремін деген алдыда,
Қуаныш қызық көп еді.
Кеппеген табы топырақ салып қабырға,
Немерең, әже, еңіреп енді келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу