Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
142
Тоғыз ай бойы көтерген,
Тоғыз ай бойы көтерген,
Құрсағын жарған ананың,
Əкеге шаттық əкелген
Мақсаты қандай баланың?!
Бейкүнə сəби тегінде,
Туа ма тартып жатырға,
Жақпайтын қылық көңілге
Қанында əлде жатыр ма?
Атаға тартып туған ұл
Анадан алса өнеге,
Бабаның жолын қуған ұл
Намысты қолдан бере ме?!
Іздейді бұған кім себеп,
Кетіппіз, бірақ, ұсақтап.
Ат жалын тартып мінсе деп,
Отырмыз ұлды құшақтап.
Ас ішіп, аяқ босатар
Азаяр, бəлкім, пенделер.
Жаңаны жастар жасатар,
Ғаламның сырын меңгерер.
Жоқ қылар, кейде бар қылар,
Тұрлаусыз мына жалғанда
Дүния жарық жаңғырар,
Шектеу жоқ жалғыз арманға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇