Өлеңдер ✍️
МАҒАН ӨЛЕҢ ОҚЫМАЙ ЖҮР...
Маған өлең оқымай жүр сендей қыз,
Саған ақыл шығарғалы тың үкім.
Бəлкім біздер бір əлемге енбейміз,
Бəлкім мені үкілемес үмітім.
Жанарымда жылт етпеуге құштар тым,
Жазылмаған жырларымның нұры əлсін
жымияды...Тек Сен жақты тұстар түн,
Түн түсінбес пайымымды ұғарсың?!
Көзсіздікке көнгіш келер көңілдің,
Көксегенің жүрек жұтты сұра, бар!..
Маған ондай сыйламады өмір дым,
(іштей күлем... ал сен іштей жылап ал!)
Түйсігіме сыйдыра алмай түндерді...
Сосын сенде сүйкімсіз күй тартасың?!
Сезіміміз сыртын беріп үлгерді,
КЕШЕгіміз көрсеткенше арқасын.
...Солай, Қарғам, бөлек ғұмыр, бөтен мұң...
Бұл бұрышқа құлады екен құлқым қай?
Содан бері, күнə ішкен екенмін,
Сол жақтағы періштем де бір тынбай...
Уақыттың ұрлап біткен ұсқынын,
Сағаттардың сыртылында сөнбейді із.
Өксік-үнмен өлшеп берер Түс құнын,
Маған өлең оқымай жүр сендей қыз.
Сендей қыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇