03.06.2022
  118


Автор: Дәулет Мұқаев

«Енді бәрі кеш – бұл көптеген адамдардың табысқа жету жолындағы ең үлкен тұзақ.

«Кеш» деген сөз кез келген өзгерістен қорқудан туындаған психикалық блок. Қазақта «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз бар. Біз сол соңымыздан қалмаған әдеттерден арылуға қорқады екенбіз. Қалыптасқан өмір салты көбінесе адамдарға батыл қадам жасауға және өмірлерін өзгертуге кедергі жасайды. Негізі адамдардың көбісі жалақыларына қанағаттанбайды; біреулер бірқалыпты өмірден шаршайды; енді бірі жағымсыз бастыққа төтеп беруге мәжбүр болады және тағы сол сияқты айта берсек жағымсыз жайттар жетіп жатыр. Осындай өмірден құтылу ешқашан кеш емес.


Жеке кәсіпті бастау үшін бірден ірі бизнеске қадам басудың қажеті жоқ. Шағын бизнесте қолыңызды сынап көруге болады. Сізге не жақын екенін түсіну үшін бизнесті дамытудың сәтті тәжірибесін зерттеп көру керек.


Кейде барлығымыз өмірде бірдеңені өзгертуге кеш болып кеткендей сезінеміз. Сонымен, «менің арман-тілегімді орындайтын пойыз жүріп кеткен тәрізді» деп күдерімізді үзе бастаймыз. Шын мәнісінде, мүлде олай емес. Үмітсіз тек шайтан ғана. Ешқашан кәсіп ашып, сүйікті ісімізбен шұғылдану кеш еместігіне мына төмендегі тұлғалардың өмірлік жолы айқын дәлел бола алады.


 


Харланд Дэвид Сандерс


Көпшілікке жақсы таныс Харланд Дэвид Сандерс – полковник  Сандерс. Ол әлемге әйгілі


 


KFC жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы (Кентукки Фрид Чикен – Кентукки штатында жасалған тауықтар). Жалпы алғанда, қырық жасына дейін ол өз өмірін тамақ пісіру немесе мейрамхана бизнесімен байланыстырмаған екен. Ол әскери қызметші, сақтандыру агенті, теміржолдағы өрт сөндіруші, фермер болып жұмыс жасаған. Бірақ ол қырық жастан асқанда ғана өзінің аспаздық талантын жетілдере бастайды. Сандерс магистральда орналасқан ғимараттан көлік жөндеу орталығы мен кішкентай асхана ашады. Сол жерде тауықтарды қысыммен қуырудың «құпия рецептін» ойлап тауып, жетілдіреді. Соның арқасында 11 дәмдеуіш қосылған тауықтар 15 минутта дайын бола бастайды. Ол өзінің алғашқы жеке мейрамханасын 47 жасында ғана ашты. Гарланд Сандерс 62 жаста болғанда франшиза келісімін жасаған. Осылайша Сандерс 70 жасқа келгенде ғана миллионер атанған. Қазіргі таңда әлемнің 134 мемлекетінде 15 мыңға жуық КFS жылдам тамақтану орындары бар. Сандерс ешқашан кәсіп ашу кеш еместігінің бір ғажайып үлгісі десек болады.


 


Ингеборга Моотс


Ингеборга Моотс өмірінде көптеген нәрселерден, оның ішінде әскери операциялардан аман өткен, ал қазір зейнет жасындағы трейдер рөлін сәтті алып шыққан неміс әйелі. Құрметті неміс зейнеткері тұрақты табыстарға қол жеткізіп қана қоймай, Германиядағы ең сәтті алыпсатар болған. 8 жылдың ішінде ол өз капиталын бірнеше миллион еуроға дейін көтерген. Ингеборга сауда-саттықпен қатар, Frau Mootz-ды инвестициялай бастаған және «Үздік


 


жеке инвестор» атағына ие болған. Ол 2000 жылдары басқа адамдарға өзінің өмірі мен Forex-тегі жұмысы туралы айтуға шешім қабылдайды. Ингеборга Моотс көп ұзамай кейбір баспагерлер тіпті басып шығаруды қаламайтын кітап жазып шығарады. Баспагерлерден қолдау таппаған зейнеткер өз оптимизмін жоғалтпай кітабын интернет желісіне салады. Көрермендер жетістік туралы оқиғаны бірден қабылдап, өмірбаяндық жұмыс лезде интернетте тарап, зейнеткерді әлемге танытты. Ингеборга Моотстың танымал болуы баспагерлердің пікірін өзгерте бастайды. Содан кейін ғана 2003 жылы өзінің «Биржа детективі» деген атпен кітабын шығарады. Неміс зейнеткерінің экономикалық білімі жоқ екендігіне қарамастан, осындай жетістікке жетуі баршамызға шабыт берері анық.


 


Рэй Крок


Рэймонд Альберт Крок (бейресми Рэй) – американдық кәсіпкер, рестаратор, McDonald›s мейрамханалар желісінің алғашқы иелерінің бірі. 52 жасқа дейін Рэй Крок жедел медициналық көлік жүргізушісі, сатушы, джаз ансамбліндегі пианист сияқты көптеген жұмыстар атқарған, сонымен бірге радиостанция мен мейрамханада жұмыс істеген. Штаттан штатқа саяхаттап, коктейль жасайтын аппараттарды сатып жүрген Рэй Крок Калифорниядағы мейрамхана бизнесімен айналысатын     ағайындылармен                                        танысады. Жергілікті тұрғындардың арасында мейрамхананың қаншалықты танымал екендігін көріп, Рэй олармен келісім жасасады. 1955 жылы Рэй Крок Иллинойс


 


штатындағы Дес Плэйнзде McDonald’s мейрамхана- сын ашып, бүкіл елде мейрамханалар ашу үшін фран- чайзингтерді белсенді түрде сата бастады. 1961 жылы Рэй Крок ағайынды Макдоналдтардан барлық акция- ны сатып алады. Рэй Крок жасаған саясатының арқа- сында McDonald бренді танымал болды. Крок негізін қалаған McDonald’s бренді әлемнің ТОП-10 бренд- терінің қатарына кірді.


 


Мэри Кэй Эш


Баршаңыздың «Mary Kay» косметикалық компаниясы туралы естігендеріңізге сенімдімін, өйткені ол әлемдегі ең танымал және кең таралған компаниялардың бірі. Мэри Кэй Эш (Mary Kay Ash) – американдық кәсіпкер және Mary Kay Cosmetics, Inc компаниясының негізін салушы, бизнес философиясын жасаушы. 2000 жылы Lifetime Television Online ұйымы Мэри Кэй Эшті «ХХ ғасырдағы ең көрнекті іскер әйел» деп атады. Мэридің өмірі оңай болған жоқ. Бар болғаны 17 жасында тұрмысқа шығып, үш баланың анасы атанады. Көп ұзамай Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, күйеуі майданға аттанады.Сүйіктіәйел,аяулыжаржұбайынмайданнан күтеді. Бірақ өмір тосынсыйларға толы, күйеуі соғыстан келген соң ажырасқысы келетінін айтады. Мэри балаларын асырау үшін жұмысқа тұруға мәжбүр болады. Мэри Кэй 25 жыл бойы сатушы агент болып жұмыс істеді, бірақ қызметінде көтіріле алмаған соң ол жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды. Өз өмірін өзгертпекші болған 45 жастағы Мэриді көбісі ақымақ істер жасап жатыр деп ойлады. Бірақ өмір батыл адамдарды жақсы көреді. Ол әйелдер мен бизнес туралы кітап жазуға шешім қабылдайды. Осылайша, кітап болашақ компанияның негізін қалайтын нақты бизнес-жоспарға айналады. 1963 жылы Мэри Кэй Эш екінші күйеуімен бірге Mary Kay Cosmetics фирмасын құрды. Бастапқы капитал бар болғаны 5000 доллар болады, бірақ нәтижесі барлығы күткеннен де асып түседі. Бүгінгі таңда Mary Kay Cosmetics өнімдері 40- тан астам елде сатылады және жылдық сатылымы 3 миллиард долларға жуық.


Орта жасқа жеткен және «енді бәрі кеш» аралағында қалып кетпеген, көптеген басқа да бай және әйгілі адамдардың қатарына Джоан Роулинг, Генри Форд, Лас-Вегастағы Сэндстің негізін қалаушы Шелдон Адельсон, Кристиан Диор сияқты тұлғаларды қоссақ болады.


30-дан 40 жасқа дейінгі адамдарды не біріктіреді? Барлығы дерлік біреуге жұмыс істеуден шаршаған, дәстүрлі жүйеден көңілі қалғандар. Алайда, көпшілі- гі жұмыстан кетіп, әдеттегі өмір салтын өзгерткісі келмейтіні анық. Егер сіз 40 жасыңызға дейін өз кәсібіңізді ашпасаңыз, өзіңізді «жолы болмағандар» қатарына қосуға асықпаңыз. Статистикаға сүйенсек миллионерлердің 60%-ы өз бизнесін 40-50 жасында ашқандар екен. Неге олай екені сөзсіз түсінікті: өмірлік тәжірибе мен осы уақытқа дейін пайда болған жігерлілік күші.


«Зейнетке шыққан кезде кәсіпкер болу туралы ойдан мүлде бас тарту керек», - деуіңіз мүмкін. Олай деуге әлі асықпаңыз. Ия, 50 жастан 60 жасқа дейінгі көптеген адамдар өздерін бизнесмен ретінде көре алмауы мүмкін. Бірақ әрбір істің жақсы жағын көре білу керек. Зейнеткерлік сіз үшін – бұрын қолыңыз жетпеген сүйікті ісіңізге арнау мүмкіндігі. Өзіңіздің жұмыс жасауға деген құлшынысыңызды тұншықтырмаңыз.


60-70 жастағы адамдардың қалған өмірі тек газет оқып, шай ішумен өтетініне сенімдісіз бе? Статисти- каға сүйенсек, дәл осы жаста тұрақты кіріс әкелетін ең ерекше және тұрақты бизнестің негізі қаланады. Интернетте іскер әжелердің шілтер тоқып сатып не- месе өздері үшін түрлі курстар ұйымдастырғаны ту- ралы мысалдар толып жатыр.


 


Жұмысқа деген құштарлық болмаса, сіз ерте ме, кеш пе сәтсіздікке ұшырайсыз. Кемелденген кәсіпкерлер нені ұнататындығын және нені істегісі келмейтінін жақсы біледі және өздері айналысатын істі хоббилеріне айналдыра алады. Жасы ұлғайған сайын адам өз шеберлігін шыңдайды, сондықтан жоғары білікті маман болады. Бұл кәсіпкерлерге де қатысты. Сізде сіздің біліктілігіңізді келесі деңгейге көтеруге көмектесетін баға жетпес білім базасы болғандықтан өз кәсібіңізді ашуға еш қорықпаңыз. Сіздің тәжірибеңіз – бұл ең қажетті нәрсе, сондықтан қолыңызда тұрғанда пайдаланып қалыңыз. Сіздің сәтсіздіктеріңіз – сіздің болашақ жетістігіңіздің кілті. Көптеген жас кәсіпкерлер өзін-өзі жоғары бағалауы және белгілі бір сенімділік деңгейіне ие болуы мүмкін, бірақ оларда тәжірибе деген дүние тапшы. Тәжірибелі маман ретінде сіз жеңістермен де, жеңілістермен де бетпе-бет келдіңіз. Өмірдің бұл кезеңі сіз армандаған барлық нәрсені жүзеге асыру үшін өте қолайлы. Жас кезде сізде тәжірибе, байланыстар және ақша аздау болуы мүмкін, сондықтан идеяларды іске қосудың мүмкіндіктері шектеулі. Ал, ересектерде жобаның сәтті дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер бар. Әрине, сіз бизнесті нөлден бастай аласыз, сондай-ақ танымал брендтің франшизасын сатып алу арқылы, өз кәсібіңізді жетілдіре аласыз. Немесе сіз біреудің жобасын жүзеге асыру үшін қаражат ұсына отырып, инвестор бола аласыз.


Өз бизнесіңізді бастау ешқашан кеш емес, өйткені 40 жастан асқан адамда икемділік, адамдарды түсіну, қарым-қатынас құру дағдылары, иллюзиялардың болмауы және байланыстардың болуы сияқты талассыз артықшылықтар бар.


Сіздің жасыңыз қаншада екені маңызды емес. Кез келген жаста сүйікті ісіңізбен шұғылдана алатыныңызға сенімді болыңыз. Егер сіз өзіңізге ұнайтын нәрсені жетік білмесеңіз, жағдайды шұғыл түрде түзетіңіз. Адамның жас мөлшері жай ғана цифр. Өзіңіздің сүйікті ісіңізді кәсіпке айналдыру ешқашан кеш емес. Сіздер мен біздерде мүмкіндік жетерлік. Сондықтан өзіңізден «кәсіпкерлікпен айналыссам кеш емес пе?» деп сұрағанша, өзіңізге «қандай іспен айналыссам өзімді бақытты сезінемін?» деген сауал жолдағаныңыз дұрыс болар.


 


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: осы кітапты оқу арқылы сізге кәсібіңізді бастауға негізі бағытымды бердім. Десе де, өз өміріңізді өзгерту тек сіздің қолыңызда. Мен тек себепші болуым мүмкін. Олай болса, іске кірісіңіз. Әрекетке-берекет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу