01.06.2022
  104


Автор: Дәулет Мұқаев

Фото

«Instagram» әлеуметтік желісінде бірнеше жыл бұрын сапалы суреттермен оқырмандардың назарын еліктіруге болатын еді. Ал қазір бұл өте қиын. Әрине, фотолар сапалы, әдемі, сізге ұнауы мүмкін. Алайда бәсекелестік алаңында сіздің ол суреттеріңізге ешкім аса назар аудармайды. Себебі парақшада тауарды, қызмет түрін ғана емес, өзіңіздің жеке стиліңізді де сата білуіңіз керек. Көп тауардың ішінде сіздікін таңдауға мүмкіндік беретін парақшаңызды визуалды тұрғыда дамыту керек. Жеке стиліңізді қалыптастырып, клиентпенкомпанияарасындасенім орнатуға тырысыңыз. Оқырман сіздің парақшаңызға кірген сәтте ерекше қанық түстер, сізге тән мәтін, графика элементтері, өнделген фото-видеоны көру керек. Соңғы трендтер мен дизайнерлік қызметтерді пайдаланып визуал қалыптастырыңыз. Және оны жиі өзгертуге тырыспаңыз, себебі ол оқырманды шатастырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу