Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  132


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бабам Бибышымырдың ел аузында қалған қара өлең ұйқас нақылдары

Бай жақсы батырдан да, биліктен де,
Әр істі ақша бұзар киліккенде.
Бәйгені күнде озып алмаған соң,
Жуан шобыр ат жақсы, жүйріктен де.
* * *
Жайлауы біздің елдің Ақсу басы,
Дау баба, қотыр бұлақ оның қасы.
Иір су арасында масат қалды,
Мұны айтқан Биболаттың бел баласы.
***
Атым тайып жығылса, мұздан көрдім,
Астың дәмді болғанын тұздан көрдім.
Қыз туғанда «қырылғыр» деген басым,
Жаныма бір рахатты қыздан көрдім.
***
Ауылың сенің белде еді, белдетеді-ай,
Жуғымы жоқ жайлаудан ел кетеді-ай.
Кішкентайдан бірге өскен беу қарағым,
Ерніңнен бір сүйгізсең нең кетеді-ай.
***
Батыр – Байды,
Батыр жігіт орыстан ат ұрлайды.
Кішкентайдан бірге өскен беу қарағым,
Сен дегенде қабырғам қатырлайды.
***
Аспандағы жұлдыздың алтауы үркер,
Ақ сары қыз бетіне опа бүркер.
Бүгін сепкен опасы ертең кетер,
Құдай рең бермесе ол да кетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу