Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  156


Автор: Нұрым Ғұмар

Өмір ғой...


Өмір ғой...

Орнығар кейде тосын жай,

Кетсекте мейлі қосылмай.

Түндегі бұлтпен жол кешіп,

Мен үшін болдың елес гүл,

Сезімнің соңы емес бұл,

Сөзімнің соңы осындай.



Айнала толған дұшпан-жау,

Айналам қараң, кіл түнек.

Кетеді жалғыз жүректің,

Қалаған тұсын тілгілеп.

Сарсаң күйдемін, себебі,

Мендегі бары бір сезім,

Мендегі бары бір жүрек.



Өкпеле, мұңай мен үшін,

Жасынды төкпе орынсыз.

Өз қолыңмен өтініш,

Бал шағыңның жолын сыз.

Бақыттымын депте айтпашы,

Бақыттың орны толымсыз.

Бұзамын деп көк торды,

Ойран көңілім от болды,

Қайран жүрегім, ол - үнсіз.



Сыр шекпегелі көп болды-ай,

Ыстықсын, жалын оттардай.

Жүрегім - тұлпардай жүгенсіз,

Келеді ынтығып, тоқталмай.

Бір ауыз сөзді кілт түйдім,

Жанымды ыстық шоқ қармай.

Менен көбірек бақытты - ау,

Қамалған, бейбақ көкторғай.



Сендегі сұлу жанардың,

Қалай мен,қашан, қамалдым.

Үн-түнсіз жүре беріппін,

Төгерім болсада саған мың.

Адаммын сондай батылсыз,

Мөлтілдеп іштей тамар мұң.

Сыр айтар дүние қалмайды,

Сиясы кепсе қаламның....



Жүрмін мен жалғыз торығып,

Сезімнің салқын сорын ұқ.

Көрмеген болып өте бер,

Кезіксек кейде жолығып.

Таныма, білме, аңғар ма,

Кезігіп әттең қалғанда.

Құлайтын биік жарларда,

Көтерер мені жан бар ма?.)

Жібермейді енді шын арым,

Келмейді қайта құлағым.

Жатсада ойың күрмеліп,

Қалмассын мендей мұң шегіп,

Жалғассын шаттық, гүл-әнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу